Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 10324
  • Автор: admin
  • Дата: 20-09-2017, 10:10
20-09-2017, 10:10

Call-centr

Категория: Call-центр

Call-centr
ММ «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» МҚК ШЖҚ «Облыстық наркологиялық диспансерінде» емделушіні қолдау және ішкі бақылау Қызметі жұмысын атқарады. Емделушіні қолдау және ішкі бақылау Қызметінің жетекшісі Жанат Нургалиқызы Джайсанбаева болып табылады тел.: 8/7282/ 24-05-73.

Емделушіні қолдау Қызметінің функцияларына медициналық көмек көрсету бойынша бұзушылық фактілерін анықтауы жатады.

Осыған байланысты, егер Сізге:

• Медициналық көмек көрсету жөніндегі сапасына қанағаттанбаушылық болса;
• Медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекілік көрсеткені байқалса;
• Төлемақысыз кепілді көлем шеңберінде медициналық көмек көрсету жағдайында медициналық қызметкерлер тарапынан медициналық көмек көрсеткені үшін қаражат бопсалушылықты білдіртсе;
• Сонымен қатар, медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа мәселелермен кездескен жағдайда емделушіні қолдау Қызметіне (ішкі бақылау Қызметі) жүгінуге құқығыңыз бар.

Әділдік және бүкпесіздік принциптерін сақтау мақсатымен Сіздің жүгінуіңіз комиссионды және Сіздің көзіңізше қарастырылады.

Қолайлы болу үшін өтінішіңізді, аты- жөніңіз бен байланыс мәліметтерді (телефон, мекен- жай) медициналық мекемеде орналасқан өтініш жәшігіне жазбаша түрде қалдырып кетуіңізге болады, сонымен қатар өз өтінішіңізді медициналық мекеменің www.narkologiya.kz сайтына қалдыра аласыз.

Емделушіні қолдау Қызметі Сіздің өтінішіңізді қысқа мерзімде қарастырып, 5 күн аралығында нәтиже ақпаратын Сізге жібереді.

Емделушінің құқығын қорғау мақсатында жұмыс атқарады:

• «Сенім телефоны» -8/7282/30-11-74; осы телефон арқылы арыз немесе басқа мәселелермен жүгіне аласыз.
• Біздің сайтымызда бірінші басшының «Блог- платформасы» бар.
^